Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полиция алып кетпеді: Қарағандыда бұрыңғы әйелін үш жерден пышақтап өлтірген

18:04, 28 сәуір 2024 1064

Бұрынғы күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген. Бұл туралы марқұмның туысы Серік Беркамалов өз инстаграм желісінде хабарлады.

25 сәуірде Қарағанды қаласында 52 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап кеткен. 

Марқұмның туысының айтуынша, ерлі-зайыптылар 10 жыл бұрын ажырасып кеткен және осы уақыт бойы бұрынғы күйеуі әйелді үнемі қорқытқан. Бірнеше жыл бойы жәбірленуші құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінгенімен, ер адам жаза алмаған.

Оқиға болған күні ер адам бұрыңғы әйелімен төбелесіп, күш көрсетумен қорқытқан. Ерлі-зайыптылардың 14 жасар ұлы полицияға хабарласқан.

Қызметкерлер арызды қабылдап,артынша мас азаматты пәтерде қалдырып кеткен. Екі сағаттан кейін бұрынғы күйеуі әйелін пышақтап өлтірген.

Ер адам ұсталып, жантүршігерлік қылмыстың куәгері болған кәмелетке толмаған балаларға психологиялық көмек көрсетілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар