Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Полиция әскерге барудан қашқандарды мәжбүрлі түрде ұстауға, міндеттеуге құқылы" - Қорғаныс министрлігі

14:35, 08 маусым 2024 603
Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруға қатысты түсінік беріп, азаматтар бас тартқан жағдайда мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы екенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Министрліктің хабарлауынша, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар тараған. Соған сай түсінік беру көзделген:
"Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті".

Әскерге шақыру барысында кейбір азаматтардың жалтары, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері бары да айтылған: 

"Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі".

Дегенмен, министрліктің телеграм арнасында кейбір азаматтардың ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жататыны сөз болған. Мұндайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы екендігі айтылған: 

"Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы".
Еске сала кетейік, бүгін біз "Бүйрегін езіп, арқасына темекі шоғын басқаны" жайлы хабарланған көкшетаулық сарбаз жайлы жаздық. Оның анасы ұлының "қастандықпен өлтірілгенін" хабарлады. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар