Әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа деңгейі пайда болды. Бұл туралы Alash.kz порталы мәлімдейді.
60 жастағы Қарағанды тұрғынына құқық қорғау органының адамымын деп орыс ұлтының азаматы хабарласқан. Ол 3 миллион теңге ақшасын интернет-алаяқтарға беріп қоя жаздаған. Полиция мен банк қызметкерінің арқасында алаяқтың ойлағаны іске аспады.
Алаяқ қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған. Есеп-шоты арқылы есірткі қылмысынан түскен ақша өтіп жатқанын айтып қорқытқан. Артынан екінші алаяқ хабарласып несие алдырмақшы болыпты.