Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Президенттің имиджіне соққы": Думан Мұхамедкәрімнің сотталуы туралы

21:28, 06 тамыз 2024 909

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Азаттыққа берген пікірінде "Думан Мұхаммедкәрім босап шығады деген үмітім болған" депті. Оның сөзінше, сотталған журналистің "саяси тұтқын екені анық" деп хабарлайды Alash.KZ.

"Бірақ партиясы да жоқ, аса ірі саяси тұлға емес Думаннан Ақордаға айтарлықтай қаупі жоқ еді" деді Бапи.

"Бұның бәрі айналып келгенде президенттің имиджіне соққы. Сол Думанды қайткенде соттап, қамаудың қандай қажеттілігі туғанын... Таң қаламын осы. Ол бір саяси үлкен тұлға емес қой. Кезіндегі партия құрып, қарсылық протестік әрекетке ұйымдастырған танымал тұлғалармен атылып кеткен, айдалып кеткен я сотталып кеткендер бар, солармен салыстырғанда Думан қарапайым жүрген, өзі жалғыз журналист еді. Оны да апарды да, қамап тастады.

Енді айналып келгенде "сөз бостандығы шектеліп жатыр", "журналистер қудаланып жатыр" деген тақырып осы жерден қозады да тұрады. Президенттің халықаралық кездесулері, ресми сапаралары алдында демократиялық дамыған елге баратын болса, "сіздерде осындай саяси тұтқын бар екен ғой" деген сөз шығады да тұрады. Осы жақсылық па?" деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар