Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Приднестровье республикасы Ресейден көмек сұрады

11:42, 29 ақпан 2024 116

Мойындалмаған Приднестровье республикасы Молдованың экономикалық блокадасына байланысты Ресейден көмек сұрады.

РБК басылымының жазуынша, Приднестровьеде барлық деңгейдегі депутаттардың съезі өтіп, депутаттар Молдованың кедендік баж салығын енгізуіне байланысты Ресейден, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-дан көмек сұрады.

«Федерация кеңесі мен Ресей мемлекеттік думасына Приднестровьеде 220 мыңнан астам ресейлік азаматтың тұрақты тұратынын және Ресейдің Днестрдегі бітімгершілік қызметінің оң тәжірибесін ескере отырып, Молдова тарапынан қысымның күшеюі жағдайында Приднестровье аймағын қорғау шараларын жүзеге асыру туралы өтінішпен жүгіну туралы шешім қабылданды», – делінген қарарда.

Приднестровьенің дабылына Ресей билігі жауап берді. Ресей сыртқы істер министрлігі Тираспольден түскен барлық өтініштерді Ресейдің тиісті органдары мұқият қарастыратынын мәлімдеді.

«Приднестровье тұрғындарының, біздің отандастарымыздың мүдделерін қорғау басым бағыттарымыздың бірі. Барлық өтініштерді Ресейдің тиісті органдары мұқият қарайды», – делінген Ресейдің СІМ хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар