Оның айтуынша, Ресей делегациясы қазір Белоруссияға келіп түсті. Енді Украин елшілігін күтіп отырса керек.
Песковтың айтуынша, делегацияға Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің, басқа да ведомстваның өкілдері енген. Арасында президент әкімшілігінің қызметкерлері де бар.
Белоруссия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөздер Гомель қаласында өтпек әрі Минск билігі "протоколға түсетін мәселенің бәрін дайындап қойған"
Киев билігі Кремльмен келіссөз жүргізуге келіскен бе әлде жоқ па – ол жағы белгісіз.
Айта кетейік, Украина президент әкімшілігі әскери операцияның алғашқы күндерінде келіссөзге келуге дайын екенін жеткізген. Алайда Кремль әкімшілігі бұл мәлімдемеге сенуден бас тартты. Кейін Белоруссияда келіссөз жүргізуге дайын екені жайында мәлімдеме таратты. Енді бүгін келіссөз жүргізіп, әскери операцияларды түйіндеуге дайын сияқты.