Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жаңалық: Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін

07:41, 17 қыркүйек 2024 3359

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева денсаулығы сыр беріп, оның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы дәрігерлер Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін деп тексеріп жатыр.

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ауруханада ем қабылдап жүргенін видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

 

"Менде қатерлі ісік бар деген күдік болған. Биопсияға тапсырып, бәрі таза шықты. Бүгін менің асқазанымды тексереді. Қазір мені наркозға дайындап жатыр", - деді ол видеода.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар