Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қамаудағы журналист Михаил Козачковқа қатысты тың мәлімет шықты

03:05, 20 желтоқсан 2022 287


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.



Белгілі болғандай, М.В.Козачковты 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстаған.



Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы М.В.Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі) айналысты деп күдіктенуде.




Осыған байланысты М.В.Козачковтың тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясының негізінде күдіктінің жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейне жазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген, - делінген хабарламада.




Туындаған резонансты ескере отырып, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған.



Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында.




Бұл ретте М.В.Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақтылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылады, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.




Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланады.



Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың ұсталғанына қатысты бірқатар медиа қоғамдастық өкілі президенттің атына үндеу жолдағаны белгілі болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 



Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті екені, Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс екені айтылды.



Айта кетейік, 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұстады. Михаил Козачков Елдос Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.



Сондай-ақ Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар