Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қанат пен Қайраттан шедевр күткен мен жынды: Журналист қазақ киносына кеткен ақшасына іші күйді

07:56, 04 қараша 2024 327

Журналист Диас Нұрақын кинотеатрда сатылымда боп жатқан тағы бір қазақ киносы туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы өз facebook парақшасында жазды.

Күйбең тірлік бітпейді, кеттік бәрін таста деп келіншегімді ертіп киноға бардық бүгін. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған “Кеттік бәрін таста”-деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен Шаншардағы Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. “Жәйшә жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?”-деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жәй әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегем. Бірақ бәрін тастап, боғым қайнап  осы постты жазуға тура келіп тұр. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. “Базар жоқтың” деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен “Не шутите с Зоханом” деген кино әлдеқайда қызық”,-деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?