Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңғыбастар паналайтын жер: 14 жастағы оқушы қыздың қалай қаза тапқаны анықталды

09:59, 08 қазан 2024 1420

Астанада иесіз ғимараттан денесі табылған 14 жастағы оқушы қыздың ажалы неден болғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ оқушы қыз онда емес, басқа мектепте оқыпты. 

Марқұм Ауреляның ата-анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қыздарының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де төрт рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын жерге айналғалы үш жылдай болған. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып, сан-саққа жүгірткен еді. Ал сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.

 

"14 жастағы қыздың мәйітіне қатысты істің мән-жайын объективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды", – деді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?