Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицей жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ulysmedia.kz ақпаратынша, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде «Қаңтар» оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптау қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарған.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексергені хабарланды.
Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкері жеткізілген азаматты азаптағанын дәлелдеген. Полиция қызметкері жәбірленушіге тән азабы келтірілген. Алайда ол салыстырмалы түрде жеңіл жаза алды.
ҮКІМ
“Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды” делінген хабарламада.