Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Қарулы күштері дивизион командирі Самат Асанов ірі есірткі партиясымен қолға түсті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
10 қараша күні «Балқаш-Сарышаған» тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қадағалау барысында жол жүру ережесін бұзу бойынша (мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған) 31 жастағы азамат тізгіндеген Geely Coolray автокөлігін тоқтатты. Көлікке тексеру жүргізу кезінде жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы шамамен 12 келі 18 пакетке оралған ақ түсті ұнтақ заттыр тәркіленді. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы шақырылып, олар тәркіленген заттардың тыйым салынған зат екенін анықтады, – деп мәлімдеді ПД.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.