Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қашан тоясыздар: Антикор тағы бір кәсіпорыннан 862 млн теңге жымқырылғанын баяндады

09:23, 30 сәуір 2024 250

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұд туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми баспасөзі мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.

Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде.

Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?