Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ырғыз ауданында бірнеше ауыл су астында қалды

09:13, 26 сәуір 2024 714

Үш күн бұрын Торғай өзенінің су деңгейі межеден көтеріліп, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы үш кент суға кеткен болатын, Нұру, Мамыр және Белшерді су басқан. 

Айталық, Нұра кентінде 67 үй, Мамырда - 10 және Белшерде - 4 үй су астында қалған болатын.

Бүгін су астында қалған ауылдар саны өсті. Нұрада 84 үй су астында қалды. Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан, қазір тек айналма жол бар, ол 180 шақырым. Ауылда 112 үй, 691 тұрғын бар.

14 сәуірде мұнда биіктігі екі метрге дейін судан қорғау үшін салынған жер үйіндісі шайылып кетті. Бөгет нығайтылды, оның ені үш метр, биіктігі 2,5 метр.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты, Мамырда 22 үй, Белшерде 4 үй су астында қалды. Ырғыз ауданында барлығы 110 үй су астында қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар