АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың күллі әлемнің назарын өзіне аударған қылмыстық сотының тыңдауы аяқталды, Alash.KZ ұлттық порталы ВВС арнасына сілтеп.
Сот бір жарым айға жуық уақытқа созылды.
Істің бүкіл жай-жапсарын анықтау үшін сотқа негізгі куәгерлер шақырылды, олардан прокурорлар да, экс-президенттің адвокаттары да жауап алды.
Трамптың адвокаты Тодд Бланш жалпы алғанда үш сағатқа жуық, ал Манхэттен аудандық прокуратурасының өкілі Джошуа Стейнгласс бес сағаттан астам уақыт сөйледі.
Олардың міндеті - прокурорлар Трамптың сайлауға дейін бизнес жазбаларын бұрмалаудағы кінәсін дәлелдей алды ма деген басты сұраққа жауап беру.
Айыпты немесе айыпты емес деп тану үшін бүкіл алқабилердің бірауыздан шешімі қажет.
Трамп тағылған 34 айыптың ешқайсысы бойынша кінәсін мойындамады, сонымен қатар Дэниэлспен жыныстық қатынасқа түспегенін айтты. Бланш Трамптың кінәсіз екенін, ал прокурорлар ештеңе дәлелдей алмайтынын айтты.
Прокурор Джошуа Стейнгласс экс-президенттің адвокаттарына бұл іс бойынша Майкл Коэннің берген айғақтарынан бөлек Трамптың кінәсін растайтын «көптеген дәлелдер» бар деп қарсылық білдірді.
Стейнгласс сонымен қатар Сторми Дэниэлс өтірік айтады деген қорғаушы тараптың мәлімдемесін жоққа шығарды.
Оның айтуынша, бұрынғы президенттің адвокаттары порно актрисаны «өзгертіп» қойған.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте 2016 жылғы сайлау алдында порноактриса Сторми Дэниэлске қатысты төлемақыны сайлаушылардан жасыру үшін қаржы есебін бұрмалады деп айыпталған болатын.