Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда облысында соңғы қоңырау төбелеспен аяқталды

09:30, 26 мамыр 2024 558

Кеше соңғы қоңырауда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында мектеп түлектері жаппай төбелес шығарған. Нақты себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған оқушы төбелесіп, тіпті кейбірі тас лақтырып жатқанын көруге болады. Төбелестің нақты себебі айтылған жоқ, бірақ тергеу тексеру жүріп жатқаны хабарланды. 

Артынша түлектердің ата-аналары Боранқұл ауылында 25 мамыр күні болған соңғы қоңыраудан кейін болған жаппай төбелеске қатысты бірнеше бейнеүндеу жасады. 

Ата-аналар балаларының әрекеттері үшін Қазақстан тұрғындарынан кешірім сұрады. Түлектердің әкелері мен аналары төбелес нәтижесінде ешкім дене жарақатын алмағанын айтты. Олардың айтуынша, мұғалімдер, мектеп директоры және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ешқандай шағым жоқ.

Түлектердің өздері де кешірім сұрады. Олар төбелестің себебі қандай да бір "келіспеушілік" болғанын айтты. Сондай-ақ олар ата-аналардан, мектеп басшылығынан және мұғалімдерден кешірім сұрады.

Аймақ полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Полицияға 47 кәмелетке толмаған бала жеткізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар