Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаулыға сәйкес: Әлихан Бөкейханның 160 жылдығы мемлекеттік деңгейде тойланбауы мүмкін

13:53, 09 сәуір 2024 802

Әлихан Бөкейханның 160 жылдығы тойланбауы мүмкін. Бұл туралы Alash.kz КазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Халқы үшін аянбай қызмет еткен көрнекті тұлғаларымызды таныту, олардың өмір жолын үлгі ретінде келешек ұрпаққа насихаттау парызымыз. Алайда үкіметтің «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысына сәйкес жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы 100 жылдықта – 100 жылдығы, одан кейiнгi 100 жылдықтарда әрбiр 25 жылда аталып өтiледi», - деп жауап берді премьер – министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына қатысты депутаттық сауалға.

"Елімізде Әлихан Бөкейханға арналған іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылады, соңғы үш – төрт жылдың көлемінде Әлихан Бөкейханның жеке ескерткіштері, бюстері Семей, Павлодар қалаларында, Қарағанды облысында, композициялық ескерткіштері Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларында, Түркістан облысында орнатылған",- деді вице-министр.

«Белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған ауқымды шараларды аталған қаулыға сәйкес белгіленген мерейтойлық жылдарға орайластырып өткізу қажет деп есептейміз», - деп хабарлады үкімет басшысының орынбасары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар