Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайда барсаң да, қуған жұрт". 50 жылдығында түрік сериалдарына еліктеген жұп сынға ұшырады

16:48, 23 шілде 2024 1418

Әлеуметтік желіде 50 жас мерейтойын жасаған жұптың түрік сериалдарының образында ортаға шыққан видеосы тарады. Қуаныш иелерінің әрекеті көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Видеоны Байкал Саимов есімді желі қолданушысы бөлісті. Ол қуанышын ерекше мәнерде қарсы алған жұпты сынға алып:

Ертең елуге келгенде мен де осылай шықпасам.
Адамдар қуғанда да плотно қуатын болыпты, - деп жазды.

Желі қолданушылары бұл қуаныш иелерінің әрекетін сынға алып та, қағытып та жатыр:

"Әй, қазақтар таза әртіссіңдер ғой, той болса болды. Саясатқа, Қытайдың, орыстың экспанциясына түкіргені бар. Бүгін тойлап қалу керек, "Қуғанда да бір фантазиямен қуу керек-ау. Алдында бір қуғынбай, өз тойында перғауын боп киініп, таққа отырып шығып еді. Мына кісілердікі не жүріс дейсің ғой. Өзгеғаламшарлық боп киініп алу керек еді", "Әйтеуір, миы айналып, қуып кеткен жұрт","Құдай біледі деп айтайын, Шымкент шығар" деп жазды көпшілік.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар