Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

16:33, 17 мамыр 2024 469

Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырауда мейрамханалардың бірінің иесі әншіні сотқа берді. Оған ұйымдастырушы алдын ала бас тартқан қойылымға төленген авансты қайтармағаны үшін айып тақты. 

Жәбірленушінің айтуынша, әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен келісім ауызша жасалған. Әншіге 1000 доллар көлемінде алдын ала төлем берілген. Атыраулық кәсіпкер өнерпазға келісімнен бас тартатынын бір жарым ай бұрын ескерткен. 

"Сома шамамен 15 миллион теңге болды. Олар маған дөрекі түрде ақшаны қайтармайтынын айтты. Осыдан кейін менеджер барлық дауыстық хабарламаларын жойып тастады. Сосын әншінің үстінен сотқа шағым түсірдім. Бірінші сот отырысында жеңіліп қалдық. Бірақ ақшамды қайтарып алғым келгендіктен аппеляцияға бердім", – деді кәсіпкер.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар