Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

17:27, 16 тамыз 2024 540

Белгілі былғары қолғап шебері, 54 жастағы Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қайтадан бас бапкері болды. 
 

Ол 2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеді. 2024 жылы - жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.

- 2021 жылы оның басшылығымен Қазақстан ерлер құрамасы Сербияда өткен әлем чемпионатының жалпы командалық есебінде екінші орын алды
- 2022 жылы Азия чемпионатында да екінші орын алды
- 2024 жылы Азия жастар чемпионатында Сәтжановтың шәкірттері командалық есепте бірінші орынды иеленді

Жеке жаттықтырушы ретінде Қайрат Сәтжанов бокстан 7 Әлем чемпионы мен 43 Азия чемпионын тәрбиеледі.

«Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылып жатыр, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы-кеңесшілер, дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ шақырылады.

Бас бапкердің жеке оқушылары болуына тыйым салынады деген талап енгізілді», - деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар