Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ көкпаршылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ЧЕМПИОНЫ атанды

15:15, 12 қыркүйек 2024 325

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші күні көкпардан ақтық сайыс өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Ойын есебін Қазақстан құрамасы ашып, алғашқы салым салды. Бірақ қырғыз көкпаршылары одан кейін есепті 3:1-ге жеткізді. Бірінші тайм аяқталғанда Қырғызстан құрамасы алда болды. Екінші кезең басталғанда Қазақстан құрамасы қатарынан 2 салым салып, есепті теңестірді.

Кезеңнің аяқталуына 8 минут қалғанда есеп 4:3 болып, Қазақстан алға суырылып шықты. Оны салған - Абылайхан Нышанбеков. Жарыс осылай аяқталады деген үміт басым болды. Алайда соңғы минутта қырғыз спортшылары есепті теңестіріп үлгерді. Екінші кезең тең ойынмен, яғни 4:4 есебімен аяқталды.

Жарыс тағдыры қосымша берілген 10 минутта шешілді. Команда капитаны Құрманбек Тұрғанбек салым салып, 5:4 есеппен қазақ көкпаршылары жеңімпаз атанды.  

Айта кетейік, Ресей көкпаршылары Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола жүлдегері атанды. Үшінші орынға таласта ресейлік шабандоздар Түркияны 8:2 есебімен жеңді.

Ақтық сынға шығар алдында Қазақстан құрамасы АҚШ командасын жеңген болатын. Қорытынды есеп: 12:4. Ал Қырғызстан көкпаршылары Түркияның құрама командасын 15:1 есебімен жеңген еді.

Айта кетерлігі, жарыс Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясының ережесі бойынша өтеді. Сайыс 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Кезең арасында 10 минуттық үзіліс болады. Үзілістен кейін командалар мәре сызығын ауыстырады. Серкенің орнына салмағы 30-33 келіден аспайтын нақпішіні тартылады.

Еске салсақ, көкпарға 9 мемлекет - Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия мен Түркия командалары келді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көк бөрі сайысының финалында кездеседі. Ақтық сын бүгін сағат 16:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazastan, Хабар телеарналары көрсетеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар