Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақмысқа» жұмысқа тұру: "шапкасы" қанша?

14:45, 31 мамыр 2024 533

Ұлытау облысының прокуратурасы «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналасуға қатысты алаяқтықтың фактілері жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz.

«Қазақмыс корпорациясына» жұмысқа орналастыруға уәде берген таныстарына алданып қалған Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны полиция бөлімшесіне жүгінген. Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас дерек бойынша облыстың 17 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанына назар аударамыз. 2023 жылы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура облыс тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар