Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан 11 сәуірден бастап шекарадағы шектеулерді алып тастайды

05:10, 07 сәуір 2022 312
[ad_1]



Қазақстан 11 сәуірден бастап өз азаматтары мен шетелдіктерге шекарадағы шектеулерді жояды. Мұндай шешім тұрақты эпидемологиялық жағдайға байланысты қабылданды.

Жергілікті ақпарат құралдарының үкіметке сүйеніп хабарлауынша, Қазақстанның Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекараларындағы бақылау-өткізу бекеттеріндегі шектеулер алынады.

Бұған қоса, Қазақстанның мемлекеттік шекараларынан әуе жолдары арқылы өтуге қойылған шектеу жойылады. Бірақ коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаны, ревакцинация туралы құжаттар немесе ПТР нәтижесін талап ету сақталады.

Мұның алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қырғызстан азаматтары үшін құрлықтағы шекараны ашуын сұраған. Тоқаев бұл ұсынысқа қатысты тапсырманы құзырлы органдардың қарауына беретінін айтты, деп хабарлады қырғыз президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 2020 жылғы көктемде коронавирус індетіне байланысты жабылған. Қырғызстан азаматтары көрші елге әуе жолдары арқылы ғана өтеді.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар