Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан армиясының тағы 20 мың сарбазбен толығатыны хабарланды

09:41, 07 қыркүйек 2024 627

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазақстан армиясы тағы 20 мың сарбазбен толықпақ, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Астана" телеарнасына сілтеп. 

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылады. 

Айта кетейік, биыл сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге көлеміндегі төлемдері кейінге қалдырылған. Бұдан бөлек, отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері қарастырылған. Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам адам жас оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түскен. Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасқан. 

Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетейік. Шақыру науқаны барынша ашық форматта өткізіледі. Әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, қоғам өкілдері қажетті ақпаратқа жүгініп, барлық сұрақтарға жауап ала алады. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар іске қосылған, - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар