Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан азаматы Лондонда ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді

10:53, 12 мамыр 2024 628

Қазақстан азаматы Бейбіт Баймолда Лондон қаласының тұрғыны - ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы TSC News-ке сілтеме көрсетіп.

«Крэнстон Гарденс E4 мекен-жайында 42 жастағы ер адамның пышақталуынан кейін 37 жастағы Бейбіт Баймолдаға адам өлтірді деген айып тағылды», - делінген хабарламада.

6 мамыр, сағат 21.00 шамасында полицияға қоңырау түскені хабарланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер пышақ жарақаттарымен жатқан жәбірленушіні тапты. Олар қанша көмек көрсетуге тырысса да, бір өкінерлігі, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Адам өлтірді деген күдікпен Бейбіт Баймолда мен 33 жастағы әйел оқиға орнында ұсталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бейбіт Баймолда айыпты болып,33 жастағы әйел қосымша тергеуге дейін кепілмен босатылғаны атап өтілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар