Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан елшісі Қыстафиннің хәлі қалай? Пәкістанда елшілер мінген кортеж коллоннасына қастандық жасалды

15:35, 23 қыркүйек 2024 123

Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында 12 елдің елшісі кетіп бара жатқан кортеж коллоннасы маңында мина жарылды олардың қатарында Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин де болған, деп жазады Alash.KZ. 

 

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан өкілі зардап шекпеген.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Хайбер-Путунхва провинциясында елшілер мінген кортеж колоннасын алып бара жатқан полиция көлігі маңында мина іске қосылып, жарылыс болған. Колонна сапында Қазақстан, Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Иран секілді 12 елдің елшісі отырған.

Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Дипломатиялық корпус аман-есен ел астанасы Исламабадқа оралған. Олар Сват қаласына туризм мәселелері бойынша конференцияға бара жатқан.

The Insider мина қашықтан басқару құрылғысының көмегімен іске қосқанын, олардың нысанасы дипооматтар болғанын жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?