Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан Ресеймен достық рейтингінде сегізінші орынға ие болды

14:59, 29 ақпан 2024 275

Ұлттық байланыстарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Ресейге дос елдердің рейтингін жариялады.

Exclusive.kz мәліметінше, институт үшінші жыл қатарынан посткеңестік елдердегі байланыс режимдерін бақылап келеді.

Биылғы жылы жұмысқа 400-ден астам шетелдік және ресейлік сарапшылар қатысқан. Олар 14 посткеңестік елдегі оқиғаларға,үкіметтік құжаттарға, ел басшыларының мәлімдемелеріне, 2023 жылға арналған медиа ресурстарының мазмұнына талдап жасап, сарапшылар арасында сауалнама жүргізген.

Қазақстан бұл рейтингте 8-орынға шығып, 50 ұпай жинады. «Ресейге, орыстарға, елдегі этникалық орыстарға көзқарас» модулі бойынша Қазақстанға 4,8 балл берілді.

«Қазақстанның Ресеймен байланыс режимінде қайшылықты нормалар мен ережелер бар.

Бір жағынан, Ресеймен стратегиялық әріптестік жоғары деңгейге көтеріліп, экономикалық ынтымақтастық дамып, ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ артықшылықтары пайдаланылуда.

Екінші жағынан, бұл ел Ресейге дос емес елдермен тығыз ынтымақтасады және Ресейге жағымсыз белгілі бір ережелер мен принциптерге негізделген жаңа мәдени-тілдік ортаны көбірек қалыптастыруда (мысалы, тарихи оқиғаларды түсіндіру, олардың үлесін есептеу, орыс тіліндегі қажетті медиаконтент және т.б.). Бұл ережелер мен қағидаттар ресейлік-қазақстандық гуманитарлық байланыстардың тарылуына әкелуі мүмкін.

2024 жылы Қазақстанның байланыс режимі жоғары бәсекеге қабілетті сыртқы саяси ортаны ескере отырып,Қазақстан Ресей үшін аса қолайлы емес ел болуы мүмкін», - деп қорытындылады сарапшылар.

Рейтингте Оңтүстік Осетия бірінші орында, Беларусь екінші, Абхазия үшінші орында. Одан кейін Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзірбайжан. Рейтингте Қазақстаннан кейін Түркіменстан тоғызыншы орында, одан кейін Армения, Грузия, Молдова, Эстония, Литва, Латвия және Украина тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар