Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан терроризге қарсы күресте қандай қадамдарға дайын?

15:45, 26 наурыз 2024 428

Мемлекет басшысы АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнске ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынаста парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Қазақстан президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді. Бұл ретте президент Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып қатаң айыптағанын және осындай қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, барлық ел терроризмге қарсы күресте өзара қарым-қатынастарындағы қайшылықтарға қарамастан, үлкен халықаралық коалиция аясында күш біріктіруге тиіс. Қазақстан осы маңызды іске өз үлесін қосуға дайын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар