Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда дабыл қағылады

10:08, 27 ақпан 2022 267
Қазақстанда дабыл құрылғысы іске қосылып, теледидар, радио және интернеттен арнайы хабарламалар таратылады. Осылайша ТЖМ жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығын тексеретін болады, деп хабарлайды «Жас Алаш»

ҚР ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті 2022 жылғы 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланғанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар