Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейтіні хабарланды

14:35, 03 сәуір 2024 364

Биыл Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру мемлекетті қаржыдан қағып,қазынаны желге шашады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Министрліктің мәліметінше, бюджет қаражатын үнемдеу және оны басқа істерге жоспарлау маңызды. 

"Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық саналады", - дейді хабарламада.

Еске сала кетейік, пандемияға байланысты 2022, 2023 жылдары да шеру өткізілмеген болатын. 

Қазақстандағы соңғы әскери шеру 2018 жылғы 7 мамырда Отарда (Жамбыл облысы) өткізілген еді. Сол кездегі әскери жиынды Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар