Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады

14:28, 17 сәуір 2024 461
Мәжіліс депутаттары мопед жүргізушілеріне арналған қозғалыс ережелерін қатайтатын "жол қозғалысы туралы" ҚР заңына тән түзетулерді қабылдады. Түзетулер пленарлық отырыстың бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Депутат Екатерина Смышляева қазіргі кезде мопедтер көліктің ең қолжетімді түріне айналғанын, соған сай олардың қозғалысын реттеу қажеттілігі басым екенін айтты. Мұндай қажеттілік, ең алдымен, жолдардағы апаттар санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, тек 2023 жылы мопедтермен байланысты 750 апат болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп.

Заң жобасында төмендегідей тармақтар қарастырылды:

  • қозғалтқыш көлемі 50 текше см ден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу;
  • мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
  • жергілікті атқарушы органдарға электр скутерлерін пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі құзырет берілсін.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне де толықтырулар қосылмақ. Онда көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша мынандай мәселелер жинақталған:

  • рұқсат етілген жылдамдықтан едәуір асатын адамдар үшін жауапкершілікті қатаңдату;
  • мопедтерді механикалық көлікпен теңестіру;
  • лауазымды адамның жолдарды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қозғалтқыштың көлеміне қарамастан барлық мопедтер көлік құралдарына жатқызылатынын айтқан. Сонымен қатар, оларды басқару үшін "А1"санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек екенін мәлімдеген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар