Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – вице-министр

18:24, 10 маусым 2024 389

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Астанада өтіп жатқан көмір өндірушілер форумында елдегі көмір қорының мөлшері туралы сөз қозғады деп хабарлайды Alash.kz.

«Қазіргі таңда көмір саласы елдегі электр қуаты өндірісінің 70%-ын, кокс-химия өндірісінің 100%-ын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Салада 32 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанның көмір қоры жеткілікті (33,6 млрд тонна) және қазіргі өндіріс қуаты сақталса, әлі 300 жыл көмір өндіруге болады. Өндіріс көлемі бойынша әлемдегі 10 алдыңғы қатарлі елдің тобына кіреміз», - деді ол.

Вице-министр саланың алдында жасыл энергетикаға деген басымдық, логистика және баға құбылмалылығы сияқты проблемалар тұрғанын атап өтті.

«Бұл проблемалардың салдарынан көмір өндіру көлемі төмендеп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 113 млн тонна болды. Яғни, 2022 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннадай аз. Ал биылғы қаңтар-сәуір аралығындағы өндіріс көлемі 35 млн тонна болды. Яғни, 2022 жылдың 4 айныдағы көрсеткіштен 2,7 млн тонна аз», - деді Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ, ол аталған проблемаларды еңсеру үшін Еуропа мен Азияның жетекші елдеріндегі тәжірибені негізге алып, «таза көмір» технологиясына ден қою керектігін айтты.

«Көмір химиясы өндіріс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қалуға ғана емес арттыра түсуге мүмкіндік беретін айтарлықтай жақсы сала болып есептеледі. Соның арқасында өңдеу өнеркәсібінің дамуына да үлес қосуға болады. Қытай Халық Республикасындағы сапар кезінде біздің көмір өндірушілер көмірден химиялық өнімдерінен маржасы жоғары, салған инвестицияны тез ақтайтын химиялық өнімдер алуға болатынына көз жеткізді. Бұл бағытта қытайлық компаниялармен жергілікті компаниялардың серіктестігі аясында капитал мен технология тарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді вице-министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар