Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық компания Ресейге көмектескені үшін санкцияға ұшырады

11:19, 25 маусым 2024 686

Қазақстандық шағын кәсіпорын компаниясы санкцияға ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"DA-GROUP 22" компаниясы санкцияның 14 пакетіне түскені анықталды. Тізімде қазақстандық компаниядан бөлек, 61 ірі жұмыс орны бар.

Қазақстан билігі өз компанияларын санкциядан қорғаудың барлық амалдарын жасауда. Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тараптың Ресеймен саудаға ешқандай санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын айтқан болатын.

"DA GROUP 22" ЖШС 2022 жылы құрылған. Бұл – электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасымен айналысатын шағын кәсіпорын. Компанияда бір ғана қызметкер бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар