Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық блогер Америкада шу шығарып, заң күшіне мінген соң сабасына түсті

09:14, 16 қазан 2024 508

Әлеуметтік желіде Супер Мамасита деген лақап атпен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева АҚШ-та шу шығарып, соңында айыппұл төлемеу үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Massaget.kz порталы блогердің бұл қылығын баяндады. 

Блогердің айтуынша, ол ұшақта телефонын ұмытып кеткен. Телефоны жоқ екені әуежайдың ішінде жүргенде есіне түскен. Бірақ жолаушы ұшақтан шығып кеткеннен кейін бортқа қайта оралуы қиын. Осылайша, қайтадан ұшаққа орала алмай, әуежай қызметкерлерімен жанжалдасқан және күш көрсетпек болған. 

Әлия Байтуғаева ұшаққа жібермеген бақылаушы әйелмен жанжалдасқан соң оқиға орнына полиция келген. Олар мән-жайды анықтауға тырысқан. Қазақстандық блогер өзінің блог түсірумен айналысатынын, барлық жұмысы, қаражаты мен банк карталары телефонында қалғанын айтқан. Алайда полиция қызметкерлері оған тәртіп бұзғаны үшін шара қолданбақ болған. Соңында Әлия Байтуғаева АҚШ-қа марафонға келгенін және блогерлікпен айналысатынын айтып, түсіндіруге тырысқан. 

Заң өкілдері блогерге бір жолға кешірім берген. Алайда мұндай құқықбұзушылық қайталанса, 14 мың доллар айыппұл салынатынын ескерткен. 

Айта кетейік, Супер Мамасита лақап атымен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаеваның әлеуметтік желіде (Instagram) 7 миллион оқырманы бар. Ол бір жазбасында қажеттіліктерін өтеу үшін айына орта есеппен 10 миллион теңге ақша керек екенін айтқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?