Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

07:30, 07 ақпан 2023 300
Қазақстан Төтенше жағдайлар минитсрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.


Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық құтқарушылар борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологтар және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.


ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жарақталған.


Еске сала кетсек, 6 ақпанда таңертең басталған жер сілкінісі Түркия мен Сирияны дүр сілкіндірді. Алғашқы дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 04:17 сағатта болды. Оның ошағы Газиантеп қаласына жақын жерден бой көрсетті. Ал магнитудасы 7,7 балл болған екінші сілкініс Кахранмараш илінен көтерілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзаладан қаза тапқандардың саны 4 мың адамнан асқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар