Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтар 9 964 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр

09:47, 10 маусым 2022 137

Он бес шет мемлекетте 17 учаскеде дауыс беру басталды. Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 947 учаске ашылды.










"Өңірлердегі референдум комиссияларының ақпаратына сәйкес, елорда уақытымен таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша барлығы 9 947 учаске ашылды. Сонымен қатар, он бес шет мемлекетте 17 учаскеде дауыс беру басталды", - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.









Осылайша қазір қазақстандықтар 9 964 учаскеде дауыс беріп жатыр.



Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, яғни астана уақытымен 08.00-де ашылды.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?