Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға Түркия президенті келеді. Бұл сапардың мәні не?

10:05, 11 қыркүйек 2023 196
Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

Мұрат Нұртілеу:

«Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», - деді .

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?