Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеді. Жыл басынан бері 39 жемқорлық дерегі тіркелген

20:14, 03 сәуір 2024 463
Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген. Бұл жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен жиында айтылды. Сонымен қатар, спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, cпортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

"Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. Тек кейінгі 6 жылда осы саладағы бюджет екі есеге өсіп, 1,4 трлн теңге болды. Алайда, Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатыр. Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын "жоғары жетістіктер" және "бұқаралық" спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады. Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым. "Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды. Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған", - деді агенттік төрағасы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар