Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның жеті өңіріндегі 72 284 адам су тасқынынан құтқарылды

17:15, 07 сәуір 2024 445

Қазақстан өңірлерінде су тасқыны салдарын жою жалғасып жатыр, деп хабарлады жексенбіде ТЖМ баспасөз қызметі. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы жазды.

ТЖМ деректері бойынша Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында еріген қар суын сору, инертті материалдары бар қапшықтарды төсеу, сондай-ақ каналдардың, арық жүйелерінің жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, адамдарды қауіпсіз жерлерге құлақтандыру және эвакуациялау жүргізіліп жатыр. 

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 3 702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы, 1 822 саяжай үйі және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожолды су басқан.

7,4 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 966 мыңнан астам қапшық және 976 мың тонна инертті материал төселген.

Су басу аймақтарынан 72 284 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 17 217 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 14 430 адам, 69 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймақтарға бағытталды. 

Авариялық-құтқару жұмыстарына 13 620 адам және 1 265 бірлік техника, 386 су айдау құралы және 83 жүзу құралы, жеті әуе кемесі жұмылдырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар