Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтар 14 рет өрескел ереже бұзды - Қырғызстан көк бөрі федерациясының сарапшысы

18:09, 16 қыркүйек 2024 2803

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталғанымен, Қырғызстан тарапы тынышталар емес. Олар Қазақстанмен көкпарды қайта ойнауды талап етіп жатыр. Астанадағы финалда Қазақстан құрамасы 14 рет өрескел ереже бұзғанын санап шығыпты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы Қырғызстан Республикасы көк бөрі федерациясының сарапшысы Рамис Құдайбергенов баспасөз мәслихатында айтты. Финалдық ойын 12 қыркүйекте өтіп, қосымша уақытта 5:4 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталған еді.

«Барлығы төрешіні кінәлайды, негізі көкпардың жүйесі дұрыс емес. Бұрынғы ойындарға қарап ойыншыларды дайындадық. Ұсақ ереже бұзу өте көп болды. Қазір біз оларды санап жатқан жоқпыз. Тек видеоға жазылған 14 өрескел ереже бұзылғанын айтсақ та жеткілікті. Қырғызстанда 14 тұрмақ, соның біреуінің өзіне үлкен жанжал болады», - дейді Рамис Құдайбергенов.

Ол бірінші кезеңде 4 , екінші кезеңде 10, қосымша уақытта тағы бір ереже бұзылды деп санайды.

«Егер ойыншы үш рет ереже бұзса, кездесу соңына дейін жарыстан шығарылады. Ал команда бір адамға кем ойнайды. Біз бұл ережені өзгертуді сұрадық, бірақ бас тартты. Бірінші кезеңнің аяқталуына 9 минут қалғанда біздің ойыншыға қарсы ереже бұзылды. Ереже бойынша 5 минутқа қарсылас көкпаршысын ойыннан шығара тұру керек. Бұл жолы үндемедік. Келесі де Манат Низяовты қолынан, аяғынан тартты. Құбаныш Сұлтанұлы үшінші салымды салғанда, оны қамшымен ұрып жіберді. Қазақстан тарапы біздің ойыншы боғауыз сөз айтты дейді. Екі миниуттың ішінде Қазақстан құрамасы төрт рет ереже бұзып тұр. Біздің федерация президенті мен команда басшысы төрешіге шағымданды. Ереже бойынша ол ойын соңына дейін шеттетілуі керек еді. Ережеге сәйкес, төреші барлық эпизодты бейнетаспадан көрсетуі керек еді. Бірақ ойын тоқтатылған 35 минут ішінде ештеңе көрсетілмеді. Содан кейін төреші мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне келіп, ойынды жалғастырып, талаптарымызды орындауымызды айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар