Танымал әнші Әли Оқаповтың кішкентай ұлы Зейін атына заты сай зеректігімен желідегі оқырмандарды таңғалдырды, деп хабарлады Alash.KZ ұлттық порталы порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды", - деп жазды олар Зейіннің әлем картасы мен туларының арасынан Қазақстанның байрағын жазбай таныған баласының видеосын жариялап.
Желідегі оқырмандарды баланың зеректігі таңғалдырған сияқты. "Жарайсың, Зейін!Атына заты сай балапан!", "Вундеркинд бала болайын деп тұр-ау", "Тіл-көзден аман болсын, ақылды ботақан!" деген жылы пікір жазылып жатыр желіде.