Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазірден орын босатыңыздар!

06:33, 14 желтоқсан 2022 295
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында президент жүктеген міндеттерді орындауға күш салу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.


«Мемлекет басшысының алдағы 7 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуға тиіс. Қоғам бізден нақты, оң өзгерістер күтіп отыр. Мемлекет басшысы бізден «жаңа жылға үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұраққа нақты жауап күтеді. Мен премьер-министр ретінде президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ үкімет мүшелерінің де нақты жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.

«Әрбір Үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтеміз. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орын босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады», - деді премьер-министр.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Үкімет жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

«Ашығын айтуымыз керек, биыл Үкімет тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Қойылған міндеттер толыққанды орындалған жоқ. Ал кейбір бағыттар бойынша мүлде жұмыс жасалмаған. Мысалы, әбден ескірген, қажеті жоқ нормативтік актілерді жою керек екені осыған дейін де бірнеше рет айтылды, Үкіметке тиісті тапсырмалар да берілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, соның кесірінен министрлер және мекеме басшылары өздігінен әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар