Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан билігі өз азаматтарын Ресейге бармауға шақыруда

15:05, 03 мамыр 2024 418

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі "Ресейге баруға шұғыл себеп болмаса, қазір қауіпсіздік шаралары күшейіп тұрған кезде, бұл елге бармауды ұсынады" деп жазды.

Бұған дейін Тәжікстан СІМ де азаматтарына осыған ұқсас үндеу жасап, Мәскеу әуежайында тәжік азаматтарын Ресейге кіргізбей жатқанын хабарлаған.

Ресейде жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары "Крокустағы" терактіден кейін ксенофобияның жаңа толқынына тап болып жатқанын айтып келеді. Онда ұсталып жатқандардың көбі Тәжікстан азаматтары екені хабарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар