Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстандағы алапат сел. Салдарынан 2 қазақстандық баланың қаза тапқаны хабарланды

10:39, 30 маусым 2024 606

Қырғызстанның Ош облысы, Ноокат ауданында селдің салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға дейін жетті. Қазақстандық екі баланың қаза тапқаны хабарланды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеп.

Қырғызстан ТЖМ-cы 29 маусым күні тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Қайтыс болған адамның жеке басы нақтыланады. Осылайша, 28 маусымда Ноокат ауданында болған табиғи апат құрбандарының саны сегіз адамға жетті. Олардың көпшілігі жасөспірімдер.

Олардың екеуі 11 жаста, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста болған. Қаза тапқандардың арасында екі әйел де бар. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі бір-бірінің туыстары.

"Қазіргі уақытта ақпарат нақтылануда. Қосымша мәліметтер кейінірек беріледі",-деп атап өтті Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Ноокат ауданында сел жүрді. Сел көпірлер мен жолдардың қиратып, адамдарды ажал құштырды.

Абшыр-Ата демалыс аймағыннан 1300-ден астам адам шыға алмай отыр, сол ауданда адам өлімі туралы хабарланды, бірнеше көпірлер мен жолдар қирады, ондаған үйлер су астында қалды.

Қырғызстан ТЖМ алдын ала деректері бойынша қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазақстандық екі баланың денесі табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қазіргі уақытта табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеуде. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар