Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстандағы Жоғарғы Кеңес жетістігі. Көрші елде 5 жыл үзілістен соң уран өндірісі қайта қолға алынбақ

15:01, 13 маусым 2024 398

Қырғызстанда уран өндірісіне тыйым салатын "ҚР-нда уран, торий кен орындарын іздеу, барлау және өндіру мақсатында жер қыртысын геологиялық зерттеумен байланысты қызметке тыйым салу туралы" заңының күшін жою туралы заң жобасын Қырғызстанның парламенті мақұлдады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

24.kg порталының жазуынша, аталмыш құжат күшін жойса, елде титан магнитінің өндірісі қолға алынбақ. Еске сала кетейік, 2019 жылғы шерулерден кейін елде уран өндірісіне тыйым салатын заң қабылданған болатын.

Қырғызстан үкіметінің басшысы Акылбек Жапаров түсіндіргендей, елде уран мен торий өндірілмейді. Алайда, титан магнитін өндіру кезінде онымен бірге уран мен торийдің де белгілі бір мөлшері жер бетіне ілесіп шығады. Оның мәліметінше, бір ғана Кызыл-Омполда титан магнитінің 10 миллион тоннадан астам қоры бар. 

Қырғызстан үкіметі бұл қадамға елде 2020-2023 жылдары әбден нашарлаған экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында бармақ. Акылбек Жапаровтың сөзінше Қырғызстан қазір табыстың жаңа көздерін іздеп табуға аса мұқтаж. 
Еске салайық, 2019 жылы халық наразылығынан кейін Қырғызстан үкіметі Кызыл-Омполдағы уран кенішінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бастапқы жоба бойынша, мұндағы барлау жұмыстары 2020 жылы аяқталып, одан әрі өндіріс басталуы тиіс болған. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар