Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай-Қазақстан шекарасы: алдымен экономиканы құртамыз, кейін тәуелсіздіктен айырыламыз - Жанұзақ ӘКІМ

17:34, 22 маусым 2024 575

Қазақстан-Қытай арасындағы визасыз жүру режимінің қабылданғанына бір жылдан асты. Не өзгерді? Қандай қауіп бар? Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы зерттеп көрді. Осы орайда қоғам белсендісі, саясаткер Жанұзақ Әкім пікір білдірді.

Жанұзақ Әкім визасыз жүру режимінің бізге де, оларға да еш пайдасы жоқ екенін айтты.

Дәлірек айтқанда, қазақстандықтардың мәз боп Қытайға баруы - үлкен экономикалық дағдарысты тудырады екен.

"Визасыз жүру режимін ешкім қолдап жатқан жоқ. Осы бір жылдың ішінде Орта Азия Республикалары бойынша жүздеген компания жұмыссыз қалып жатыр. Себебі, Қытайдан арзан тауарларды үйіп әкелуде.

Бұл отандық өндірісті, отандық экономиканы қолдайтын шешім емес. Өзіміздікін тұралатып, Қытайдың экономикасын дамытатын шара",- деді ол. 

Тауардан бөлек, бұл режимнің үлкен саяси астары барын да жасырмады.


Екінші жағынан, саяси жақтары бар. Ковид кезінде Қытай 4 қаңтар күні аурудык келгені туралы жариялады. Тайвань сол уақытта бірден шекараларын жауып тастады. Қытайдың түбінде тұрған ел болса да , олардан ешкім өлмеді. Бізде ше? Қырғын қазақ қаза болды. Қазақстанда сәуір айына дейін күттік. Кейін барып жаптық.

Қытаймен шекаралас 18 ел бар. Олармен келісіп бітіріп жатқан шаруалары жоқ. Бұл ел агрессияшыл елдердің біріне жатады. Сақ болу керек.

Қытайдан тауар тасығандардың психологиясында құлдық сана бар екенін де тілге тиек етті.

Қытайдан арзан тауар әкеліп жүргендердің санасында - құлдық психология бар. Керісінше, біз отандық тауар өндірушілерді қорғау керек.

Алдымен экономиканы құртамыз, кейін тәуелсіздіктен айырыламыз.

Назарбаевтың кезіндегі оның күйеу балалары Қытайдые лоббистері болды.

Қаншама мұнай-газ саласын сатты. Қазақстанның 40% мұнай орындары сатылды. Бұл экономикамыздың тең жартысы.

Биліктің ел мүддесін қорғау емес, Қытайға жағынуға бағытталған саяси ойынның жалғасы.

Визасыз жүру режимі алдағы уақытта елді түгел жаулап алуға да әкелуі мүмкін екен.

Қытай соғыспен емес, осындай саясатпен елді жаулап алғысы келеді. Олардың дәстүрлі әдісіне айналды. Вьетнамнан олар 30 жылға жер жалдап алды да, кейін қайтармады. Шри-Ланкаға ондаған жылдар бойы инвестиция құрамыз деді де, 120 жылға сол елді басқаруға алды.

Тәжікстанның мұнай саласында да Қытайлар ғана қалды. 25-30% ғана Тәжікстан иелік етсе, қалғаны Қытайда. Кейін олар тәуелсіздіктен де айырылады.

Біздегі үкіметтің де саяси астары осы. Олардікі тек сату.

Мұнай саласында қауіп бар. Ақтөбе мұнай газ, Маңғыстау мұнай газдың 51 %-ын алып отыр. Өзімізде ешқандай мүдде қалмады. Бәрін соларға беріп отыр.

Заңды реттеу керегін айтты.

Бұрынғы президенттің кезінде коррупция туралы заңның өзін коррупцияға рұқсат етіп жасап қойған. Сондықтан бұл елде ешқандай механизм жоқ.

Биліктің сатқындық саясаты туралы соттар енгізу керек. Қазақмысты да қытайлықтарға беріп жіберді. Аты қазақ болғанымен, заты Қытай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар