Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыз жан сақтау бөлімінде: Ауыл балалары қызды екі жылдан бері қорлап, зорлап келген

17:30, 04 сәуір 2024 649

17 жастағы Аружан есімді қызды екі жылдан бері ауыл жігіттері қорлап келген. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы баяндады.

Мектеп оқушысын пышақпен қорқытып, видеоға түсіріп, ұзақ уақыт қорлап келген. Желіде тараған ақпарат көптің үрейін ұшырып, резонанс тудырды. 

17 жастағы қыздың тағдырына араша боламын деп мәселені қозғаған қоғам белсендісі Ақмарал Басирова бір ауылды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты құзырлы органдар дер кезінде қылмыстық іс қозғамай, ал мектеп әкімшілігі бәрін жылы жабуға тырысқанын айтып отыр. 

“Арыз бердік. Қыз жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің біреуі уақытша тергеу изоляторында отыр. Сол бала қызға сөз айтып, 15 жаста екеніне қарамастан пышақ тақап, зорлаған. Олар екі жылдан бері жыныстық қатынаста болып келген”, – дейді қоғам белсендісі. 

Ал анасы “қызым нашар ортаға түсіп қалды, кейінгі екі жылда мінез-құлқы өзгеріп кетті” деп алаңдап отыр. Оның сөзінше Аружан қатарлас жігіттер мен өзінен үлкен Сания есімді қыздан қысым көрген. 

Аружан құрбысымен сөйлескенде анасы емшіге апарғанын, ол пышақ тақап қинағанын айтады. Оған қоса құрбысы “тағы ана бәлені іздеп кетпейсің бе” деп сұрақ қойған. 

“Мектептің жанында жын шығаратын емші, үлкен кісі бар. Сол кісіге апардық. Бала сөйлей алмай, жарық жақсақ та қорқып жүрді. Мен мұндай жағдай екенін білмегеннен кейін апардым дейді”, – дейді анасы. 

Ал психиатр Санжар Тұрсынахметтің сөзінше, мұның бәрі есірткінің салдары. Қарапайым синтетикалық амфетаминнің белгісі. 

Қызды зорлады деп айыптаған Мирастың анасы “балама жала жауып отыр” дейді. 

“Мен әлеуметтік желідегі қайсысының аузына қақпақ боламын? Үндемей отырмын. Әділеттік орнайтынына сенемін. Бұл жағдайды әлі қорыта алмай жатырмын. Сене алмаймын. Бәрі таниды, біреудің қызын зорлайтын бала емес”, – дейді анасы. 

Ал әкесі баласын ақтау үшін екі адвокат жалдаған. “Сараптама нәтижесі Мирастың қанында есірткі табылмағанын көрсетті” дейді. Оның сөзінше, Мирастың есірткі пайдаланбақ түгілі, ішімдік пен темекіге де әуестігі жоқ. 

Ал қоғам белсендісі Мирастың өзі 2022 жылдан, яғни қыз 15 жаста болған кезінен бастап жыныстық қатыста болып жүрдік деп куәлік бергенін айтады. Сонымен қатар баланың ата-анасы Аружанның анасына 3 млн ақша ұсынып, екеуін үйлендірейік деп ұсыныс айтқан көрінеді. Оған келіспегеннен кейін “қыз есірткіге тәуелді, жезөкшелікпен айналысады, анасын сол ақшамен асырап отыр” деген өсек таратқан. Барлық блогер, аудиториясы көп таныстарына Аружан туралы жаман әңгіме таратқызған.

Сексологтың сөзінше, қыздар анасы қолдау көрсетпейтінін білгендіктен, мұндай оқиғаларды жасырады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар