Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыздың бетін жұлып алды: ит иесі 40 мың теңге айыппұлмен құтыла ма?

13:15, 08 шілде 2024 588

Қарағандылық тұрғынға 40 мың теңге айыппұл салынды. Оның иті 4 жасар қызды бетінен тістеп алған деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Бадин көшесіндегі қалалық аулалардың бірінде болған. Иесі итті ағашқа байлап қояды. Жақын жерде ойын алаңында қыз бала ойнап жүрген. Қыз иттің басынан сипамақшы болып жақындаған. Сол сәтте ит қыздың бетінен қауып алған. 

Ауруханада балаға 8 тігіс салып бетінен тіккен.

"5 жасар жәбірленушінің өзі ауладағы ағашқа байланған итке жақындағаны анықталды. Нәтижесінде бала жарақат алды. 43 жастағы жануардың иесі қызды медициналық мекемеге өзі апарған. Барлық уақытта баланың жанында болды. Кәмелетке толмаған баланың анасы осы уақытқа дейін ит иесін жауапқа тарту туралы өтініш білдірген жоқ. Материалды қарау нәтижелері бойынша ит иесі серуендеу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынды",-деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар