Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордада сүйіктісі үйіне апарып зорлап, видеоны таратамын деп балтамен қорқытқан

09:21, 30 мамыр 2024 1201

Қызылорда қаласында сүйгеніне зорлық көрсеткен жігітке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Alash.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылордалық бойжеткен «сүйіктімнен зәбір көрдім» дейді. Айтуынша, оны жігіті алдап үйіне шақырып, қорқытып, зорлық көрсеткен. Артынша жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрапты. Бірақ уақыт өте келе түсіріп алған видеоны таратамын деп, қоқан-лоққы жасаған көрінеді.

 «Қинап, мені балтамен қорқытып, шығайын десем шыға алмаймын. Мен жүрмеймін сенімен дегенімде мені ұра бастады», - дейді жәбірленуші бойжеткен.

Ал жәбірленуші қыздың анасы жігіттің жазасын алуын талап етіп отыр.

Полиция департаменті бұл жағдайды растады. Тергеу амалдары басталған.

«Қылмыстық іс бойынша жан-жақты және объективті түрде тергеп-тексеру жүргізілуде. Нәтижесімен заңды шешім қабылданады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сай қылмыстық іс жүргізілу барысы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайтынын хабарлаймыз», - делінген Қызылорда облыстық ПД хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар