Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қонақүйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ": Жанқош Тұраровтың әйелі оқырмандарға жауап берді

09:01, 17 қазан 2024 1143

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров қыр зорлады деген ақпарат тараған болатын. Спортшының әйелі алғаш рет осы оқиғаға қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исаға әлеуметтік желі қолданушылары жиі сұрақ қояды екен. Жақында ол көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға әзілмен жауап берді. 

Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп шағымданған болатын. Осы оқиғадан кейін желі қолданушылары Жанқош Тұраровтың әйелі "Әлі ажыраспадыңдар ма, не?" деген сауал жолдапты. 

"Ойлап көріңізші, жоқ", - деп әзілмен жауап берді боксшының әйелі. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Әнарудың айтқаны жалған ақпарат екенін айтып, жоққа шығарып, соңына дейін мойындамаған еді. 

Сонымен қатар Жанқош Тұраровтың әйелі күйеуімен алғаш танысқан сәті туралы да жазды. 

"Instagram желісі арқылы таныстық. Бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін кездестік. Қонақүйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ. Алғашқы кездесуіміз бір жарым жылдан кейін мейрамханада болды. Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік. Екі жарым жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Үйленуге ұсыныс жасады", - деп жазды ол.

Еске салайық, Әнару Қалдыбекқызы "боксшы Жанқош Тұраров қонақүйге алдап шақырып, суыма дәрі қосып беріп, зорлады" деген еді журналистерге берген сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?